
Data di rilascio: 21.09.2023
Linguaggio delle canzoni: kazako
Сүйікті етші |
Аңсаған аппақ арманым, |
Орманым менің бол, жаным. |
Өзіңе мені әкелер |
Әлемнің барлық жолдары. |
Көктем құлпырса керемет |
Жанымды нұрға бөлемек. |
Өзіңе мені шақырар, |
Алдымнан ұшқан көбелек. |
Көгімді менің биіктетші, |
Кеудеден кетсін күйік-мұң. |
Мына әлемді сүйікті етші, |
Сүйікті етші, сүйікті етші, сүйіктім. |
Күз келсе қалқып таза мұң, |
Көремін бояу ғажабын. |
Сезімімді жапыраққа, |
Хат қылып тағы жазамын. |
Менде ештеңе жоқ, бәрі сенікі |
Соны ұмытып, көңіліме көлеңке түсіріп алдым |
Қайран басым қай жақта қалмадың |
Қай жақта қалдың |
Басым домалады |
Сағат тілімен бірге, жермен бірге |
Жер шары домалады тағы да |
Тағы бір таңды қабылда |
О құдірет, |
Күнді түн, түнді күн қыласың |
Мен теріс қараймын, сен бұрыласың, |
Қаңғыған қайран басым |
Адасып құбыласынан |
Көгімді менің биіктетші, |
Кеудеден кетсін күйік-мұң. |
Мына әлемді сүйікті етші, |
Сүйікті етші |